Облыстық әдістемелік кеңес өтті

20.02.2020. Қарағанды теміржол колледжінде  Қарағанды облысы бойынша, Өндірістік оқыту бойынша директорлардың орынбасарлары арасында «Дуалды оқыту» тақырыбында Облыстық әдістемелік кеңес өтті.

 

Әдістемелік кеңеске облыстың барлық өнірлерінен орынбасарлар келіп, тәжірбие алмасты. Жиынды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Қ.Оспанова ашты.

 

Жалпы жиында дуалдық оқытудың қыр-сырларымен бөліскен басшылар, оның тиімді екенің дәлелдеді, бірақ бұл жүйені әлі де толықтырып, дұрыс бағыттап, жетілдіру керек деген шешімге келді.